«Істі сотқа дейін жеткіздік» Дана Нұржігіт келіншектерге үндеу жасады
Танымал тележүргізуші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында отбасылық өмірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғаны туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Дана Нұржігіт екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын айтты.
Сөз соңында Дана Нұржігіт келіншектерге үндеу жасады.
-->
Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық тақырыбы менің жеке басымды айналып өтпеді. Жәбірленушінің орнында болып, сот залында отырамын дегенді кім білген? Қиындық кімде жоқ?! Менде мойымай «бастысы денсаулығым мен кәсібімнен айырмасын» деуші едім. Алайда моральдік-психологиялық қысым алдымен денсаулығыма кесірін тигізді. Сосын телевизияда жұмыс істей алмайтын жағдайға жеткізді. Сол кезде басшыға өзім барып, кетемін деп шештім. Өткені түске дейін тергеушінің алдында, түстен кейін камераға, тікелей эфирде жұмыс істеуге жарамай қалдым, - деді журналист.
Дана Нұржігіт екінші некесінің сәтсіз аяқталғанын айтты.
Екінші некем баянсыз болып, тоғыспайтын жерден М.Ә. есімді жігітпен мәмілеге келіп, адамша екі жаққа кетудің орнына, іс насырға шауып, жабық есік жағдайындағы сот процесіне дейін жетті. Екі жарым жыл бұрын заңды түрде ажырасқан едік. Содан соң он айға жуық менің талабым бойынша оның үстінен қозғалған қылмыстық істің тергеу процесінен өттім. Соңғы нүктесі 28 мамырда қойылды. Үкім 13 маусымда күшіне енді. Істің мән-жайын айтпауға сотқа қатысқандар қолхат бердік. Сондықтар артық сұрақ қоймаңыздар. Иә, мен заңды түрде қорғануға мәжбүр болдым. Басында бәріміз пендеміз ғой, бір шешімге келерміз деп жеңіл көрінген істің арты осыншама уақытымды, денсаулығымды алады деп ойламадым. Жұмыстың, үйдің, баламның берекесі қашты. Қаржылық шығын, жүйкенің тозғанын айтпағанда. Бұл оқиға мен үшін үлкен сынақ та, сабақ та болды (...)", - деді тележүргізуші.
Сөз соңында Дана Нұржігіт келіншектерге үндеу жасады.
Ендігі жерде менің жазатын, айтатын, бұқара сауатын ашатын мамандармен болатын сұхбаттарымның тақырыбы осы мәселелерге де арналады. «Қапаста» жүрген әйелдерге айтарым: қыспақта ұстағысы келген еркек тек ашықтықтан қорқады. Батыл болыңыздар. Мені де «ұят болады, өз артыңды өзің ашасың ба?» деп ұстағысы келді. Бұл қылмыскерлердің әдісі. Сенбеңіздер! Заң! Тек қана заңға жүгініңіз! Иә, ұзақ жол, иә бұл – күрес! Бірақ... – деп сөзін түйіндеді Дана Нұржігіт..