Әртүрлі

Instagram желісінен өшірілген қазақша әндер қайтадан пайда бола ма

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырсынан кейін өткен брифингте Instagram желісінде жойылған қазақ әндеріне қатысты министрлік тарапынан қандай шара қабылданғаны туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министр бұл мәселеге қатысты келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Meta мен ән авторлары арасындағы қарым- қатынасты ұйымдасқан қоғамдық бірлестіктер, яғни құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар үйлестіреді. Біздің елде сондай 15 ұйым бар. Былтыр күзде тараптардың бірі келісімшарты тоқтатты. Қазіргі таңда бізге тараптар арасында келіссөздер жүргізіліп жатқаны белгілі. Министрлік бұл жағдайда тек құқықтық қатынастардың заңды түрде жүзеге асуына мүмкіндік береміз. Біз өз тарапымыздан ашықтық үшін цифрлық платформаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол кез келген құқық иеленушінің цифрлық форматта шарт жасасып, өзінің жеке кабинеті арқылы оның авторлық өнімін пайдаланғаны үшін оған берілетін барлық сыйақыларды қадағалап отыруға мүмкіндік береді»,- деп жауап берді Әділет министрі.

Айта кетейік, былтыр қараша айында отандық әншілердің әндері Instagram желісінен жоғалып кетті. Желі қолданушылары Reels пен Stories-не әндерді қоса алмағанын, ал әншілер де желідегі әндерін таба алмай жатқанын айтқан еді.