Инклюзияны қолдау кабинеттер саны көбейеді
Жыл соңына дейін 37 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
Биыл елімізде инклюзияны қолдау бойынша бес кабинет ашылды. Жыл соңына дейін тағы 37 кабинет, ал 2027 жылға дейін 200 кабинет ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 646 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді.
-->Биыл елімізде инклюзияны қолдау бойынша бес кабинет ашылды. Жыл соңына дейін тағы 37 кабинет, ал 2027 жылға дейін 200 кабинет ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 646 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді.
Бүгінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жағдай жасалған мектептердің үлесі 80 пайызды құрайды. Мектеп жасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар 126 мың баланың 65 пайызы мектепте инклюзивті білім берумен қамтылған. Қалған балалар арнайы сыныптарда, арнайы мектеп-интернаттарда және үйден оқиды, - деді Орта білім комитетінің инклюзивті білім беру бөлімінің бас сарапшысы Алмас Құпаев.