Әртүрлі

«Имамның сөзі ойландырып қойды»: Танымал блогер тоқал алуға қатысты ойын айтты

Әлеуметтік желіде кеңінен танымал блогер Медетжан Жанабай қашанда қызу талқыға түсетін тоқал алу мәселесіне қатысты  өз ойын ортаға салды, деп хабарлады Elorda.info

Алайда ол келіншегіне «тоқал аламын», деп айтпағанын да атап өтті. Бұл туралы блогер Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айтты.  

 

-->

Алайда ол келіншегіне «тоқал аламын», деп айтпағанын да атап өтті. Бұл туралы блогер Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айтты.  

 Егер жағдайың жетіп, асып-тасып тұрса, екі әйеліңнің де айтқан нәрсесін істеп отырсаң алуға болатын сияқты. Өз келіншегіме ешқашан шын көңілмен «тоқал аламын» деп айтпағанмын. Қалжыңдап «тоқал алып берші» деп айтып қоятыным бар. Диана маған «үй, көлік алып бер, сосын тоқал аласың ба білгеніңді істей бер»  деп айтқан еді. Оны ойнап айтты ма білмеймін. Бұл мәселе үйде қатты талқыланбайды. Айтылып сол жерде қалып қалады. Бір рет имам «тоқал алу керек, біз қазақтар азбыз, көбеюіміз керек» деп айтқан болатын. Тоқал алудың өз шарттары да бар. Бірінші әйеліңнің рұқсаты керек, жағдайың дұрыс болу керек деген сияқты. Сол кісінің сөздері кішкене ойландырып қойғаны бар, - деді ол.