Әртүрлі

ІІМ: Жыл басынан бері полиция 1596 қылмыскерді ұстады

ІІМ елде шетелдік қылмыскерлердің болуына жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері криминалдық полиция 647 шетелдік қылмыскерді қолға түсірді.

 Мысалы, Қостанай облысында тәртіп сақшылары 44 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ол 2021 жылы Бішкекте Қырғыз Республикасының лауазымды тұлғаларымен топ құрамында 7 миллион сомды иемденіп, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялаған тағы бір шетелдік ұсталды. Ол 2023 жылы Түменде топ құрамында жергілікті тұрғыннан 300 мың рубль мен Toyota Camry автокөлігін бопсалаған.

Жалпы ағымдағы жылы Қазақстан полициясы 1596 қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен 1058 адамның орналасқан жерін анықтады.