ІІМ мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады
2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестіріледі. Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оларды пайдалану үшін:
- полицияда тіркелу;
- А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
- техникалық тексеру;
- азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өту қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну қажет:
- жеке куәлік (электрон түрде болуы мүмкін);
- мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтінішті толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.
5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға, жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Бұзушылықтарды болдырмау үшін мопедті алдын ала тіркеп, жүргізуші куәлігін алуды ұсынамыз, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.