Есірткі таратуға қатысы бар қылмыстық топ мүшелерін ұсталды
Ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматы қаласында қолға түсті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы және Семей қалаларында каннабис тобының есірткі заттарын сатумен айналысқан алматылық тұрғындар ұсталды. Олар гашиш пен марихуананы Telegram қосымшасы арқылы сатқан. Топты ашқан адам гашиш пен марихуананың әртүрлі сорттарының құны туралы ақпарат салып отырған. Топтың басқа мүшелері өздеріне тиісті қылмыстық рөлдерге сәйкес есірткіні заңсыз сақтаумен, дозаларға бөлумен, оларды Алматы мен Семей аумағында тасымалдаумен және жасырумен айналысқан. Қылмыстық топқа қатысушылар қамауға алынып, ұйымдастырушыға іздеу жарияланды. Жалпы бір келіден астам гашиш тәркіленді.
Орал қаласында да тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер каннабис тобының есірткісін сатумен айналысқан. Олардан 540 грамм гашиш тәркіленді. Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде интернет-дүкен құрып, есірткі сатуға басшылық еткен. Есірткіні өткізу интернет-дүкеннің әкімшісі және жалдамалы есірткі жасырушылар арқылы жүзеге асырылған.
Жыл басынан бері барлығы 20 есірткі зертханасын жойды, оның ішінде сегізінде синтетикалық есірткі әзірленген. Олардан пайдалануға дайын 129 кг синтетикалық есірткі және 390 кг прекурсор тәркіленді. Сонымен қатар 12 фитолаборатория анықталып, олардан 34,5 кг каннабис тобының есірткісі тәркіленді. Биыл полиция алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, оның ішінде екеуі трансұлттық топ.
-->Ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматы қаласында қолға түсті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.