Әртүрлі

ІІМ-де киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды

Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл бастама азаматтарды заманауи қауіп – киберқылмыстан қорғауға бағытталған.

Департамент киберқылмыстарды анықтаумен және ашумен, олармен күресте стратегиялық қадамдарды әзірлеумен айналысады.

«Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қатерлер санының артуына байланысты мамандандырылған арнайы бөлініс құру қазіргі заманауи қауіпке  неғұрлым тиімді жауап беруге мүмкіндік береді», -  деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.


ІІМ басшысы жеке құрамға жаңа департамент бастығы полиция полковнигі Жандос Сүйінбайды таныстырды.