Әртүрлі

Хромтауда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртеніп, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, иілгіш жалғағыш газ шлангінің герметизациясының бұзылуынан табиғи газ жанды.

«Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 15 бала. Өрт сөндірушілер газды жедел жауып, жалынды өшірді», - делінген хабарламада.