Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан адам өлтіруге оқталған күдіктіні Қазақстанға экстрадициялады. Бұл туралы Elorda.info Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақ сұғып, дене жарақатын келтірген.
Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
-->Күдікті 2022 жылы тамызда Теміртау қаласында жәбірленушіге пышақ сұғып, дене жарақатын келтірген.
«Қылмыс жасағаннан кейін күдікті тергеуден жалтарып, қашып кеткен. Солсебепті оған халықаралық іздеу жарияланды. 2023 жылғы қазанда Грузияда ұсталды. Бас прокуратураның сұрауы бойынша Грузия тарапы оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады», - делінген Бас Прокуратураның хабарламасында.
Қазір ол Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.