Әртүрлі

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған әйелді қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті Анталья қаласында ұсталған.

Ол 2009 жылы  Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел екінші қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, алаяқтық әрекетке барған. 

Ұсталған әйел Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.