Әртүрлі

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Германияда ұсталды

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы біздің елдің Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады Elorda.info Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті қылмысты 2020 жылы елордада жасаған. Кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалағандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Ол жасырыну үшін көрші мемлекеттер арқылы Украинаға өтіп, кейін сол арқылы Германиядағы босқындар лагеріне барған. Құқық қорғау орындарының здеу нәтижесінде 22 жастағы Астана тұрғыны Мюнхендегі босқындар лагерінде қолға түсті.   

-->

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.