«Хабар 24» телеарнасы жаңа форматпен эфирге шығады
«Хабар 24» телеарнасы 11 желтоқсаннан бастап жаңа атаумен және өзгеше форматпен эфирге шығады, деп хабарлады Elorda.info.
Басты өзгеріс – телеарна енді «24 KZ» деп аталады. Сондай-ақ халыққа елдегі және әлемдегі жаңалықтарды жеткізудің тың тәсілдері енгізіледі.
Аудиторияның сұранысына және Google Trends мәліметтеріне қарағанда, телеарнаны ғаламтордан іздегенде «24KZ» атауы «Хабар24»-ке қарағанда жиі қолданылады. Сонымен қатар, бұл елдік ерекшелікті білдіретін мәнге ие. Қазақстанның телеарнасы екенін шетелдіктер KZ белгісі арқылы бірден тани алады. Өзгерген логотиптегі заманауи эстетикалық элементтің өзіндік мазмұны бар. Ондағы шуағын шашып, көтеріліп келе жатқан күн белгісі жаңа күннің басталғанын бейнелейді. Қайнаған тынымсыз тіршілік басталып, толассыз ақпараттар легі ағытылады дегенге саяды.
Көрерменге ұсынылатын ақпараттың мазмұны мен эфирден берілу формасы телеарнаның шығармашылық шеберханасындағы басты өзгеріс болмақ. Жаңалықтар шығарылымдарының уақыты ұзартылып, елеулі оқиғалар терең және жан-жақты талданып, сараптамалық сипаты басым болады.
Сонымен қатар «24 KZ таңы»/«Утро 24 kz» таңғы ақпараттық шоуы мен «Prime Time» кешкі қорытынды ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы эфирге шығады. Бұл жобалар заманауи технологиямен жарақталған жаңа студиядан беріледі.
Аймақтық және халықаралық тілшілер қосынын күшейткен телеарна жер жаһанның түкпір-түкпірінен тікелей эфирге қосылу арқылы эксклюзивті ақпараттар таратуға басымдық береді.
Естеріңізге сала кетейік, телеарна 2012 жылдың 1 қыркүйегінде алғаш рет эфирге шықты. Содан бергі уақытта еліміздегі ақпараттық хабар тарату саласында жетекші рөл атқарып келеді. «24 KZ» ұсынатын эфир материалдары – 100% арнаның өз өнімі.
-->Басты өзгеріс – телеарна енді «24 KZ» деп аталады. Сондай-ақ халыққа елдегі және әлемдегі жаңалықтарды жеткізудің тың тәсілдері енгізіледі.
Аудиторияның сұранысына және Google Trends мәліметтеріне қарағанда, телеарнаны ғаламтордан іздегенде «24KZ» атауы «Хабар24»-ке қарағанда жиі қолданылады. Сонымен қатар, бұл елдік ерекшелікті білдіретін мәнге ие. Қазақстанның телеарнасы екенін шетелдіктер KZ белгісі арқылы бірден тани алады. Өзгерген логотиптегі заманауи эстетикалық элементтің өзіндік мазмұны бар. Ондағы шуағын шашып, көтеріліп келе жатқан күн белгісі жаңа күннің басталғанын бейнелейді. Қайнаған тынымсыз тіршілік басталып, толассыз ақпараттар легі ағытылады дегенге саяды.
Көрерменге ұсынылатын ақпараттың мазмұны мен эфирден берілу формасы телеарнаның шығармашылық шеберханасындағы басты өзгеріс болмақ. Жаңалықтар шығарылымдарының уақыты ұзартылып, елеулі оқиғалар терең және жан-жақты талданып, сараптамалық сипаты басым болады.
Сонымен қатар «24 KZ таңы»/«Утро 24 kz» таңғы ақпараттық шоуы мен «Prime Time» кешкі қорытынды ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы эфирге шығады. Бұл жобалар заманауи технологиямен жарақталған жаңа студиядан беріледі.
Аймақтық және халықаралық тілшілер қосынын күшейткен телеарна жер жаһанның түкпір-түкпірінен тікелей эфирге қосылу арқылы эксклюзивті ақпараттар таратуға басымдық береді.
Біз уақыт көшінен қалмауымыз керек. Телеарна ақпарат таратқанда жеделдік пен объективтілік қағидаттарын негізге алады. Қазақстанның басты ақпараттық телеарнасындағы өзгерістер алға жылжудың жаңа кезеңін айғақтайды. Ақпарат айдынында бәсекеге қабілетті болу - уақыт талабы. Сондықтан, төрткүл дүние жаңалығын жан-жақты жеткізіп, талғамы биік көрерменнің сұранысын қанағаттандыруға күш саламыз, - деді «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.