Әртүрлі

Газада палестиналық журналист қаза тапты

Израиль әскерінің Газа секторына жасаған шабуылында палестиналық журналист қаза тапты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Middle East Monitor басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, журналист Мұхаммед Абр Раббо мен оның әпкесі Сумая таңертең Израиль армиясының Газа секторының орталығындағы Нүсейрат босқындар лагеріндегі пәтеріне әуе шабуылын жасаған кезде өлтірілді.

Ол Al-Manara медиа компаниясында жұмыс істеген.

Айта кетейік, Израиль армиясының осы уақытқа дейін Газа секторына жасаған шабуылдарынан 172 журналист қайтыс болды.