Әртүрлі

FlyArystan әуекомпаниясы билет бағасына негізсіз ақша қосып отырған

Монополияға қарсы орган FlyArystan әуекомпаниясы билет бағасын ретсіз өсіргенін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алқа отырысында FlyArystan-ның заң бұзғаны талқыланды. Компания әуе билеттерінің құнын брондау кезеңдерінде автоматты түрде жасырын қосымша ақы қосып отырған.

«Әуе тасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл drip pricing деп аталады, яғни «тамшылап баға өсірген». Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы фактілерді анықтап, әуе тасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров.

Әуекомпания бұл заңбұзушылықты реттегенін айтты.

Қазіргі уақытта агенттік ішкі әуетасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізіп жатыр.