Әуекомпания 25 мың теңгеден басталатын халықаралық бағыттағы билеттер науқанын жариялады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan халықаралық бағыттардағы әуебилеттеріне күзгі жеңілдік науқанын жариялайды, деп хабарлады Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық халықаралық бағыттарға билеттердің бағасы (салықтар мен алымдарды қосқанда) жеңілдікпен небәрі 25 000 теңгеден басталады. Билет құнына ұшақ бортындағы кездейсоқ орын және өлшемдері 56×23×36 см-ден аспайтын, салмағы 5 кг-ға дейінгі бір дана қол жүгін тасымалдау кіреді.
Науқан 2025 жылғы 10 қыркүйек сағат 12:00-ден 12 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін жалғасады.
Жеңілдетілген билеттерді пайдалану мерзімі – 2025 жылғы 22 қыркүйектен 22 желтоқсанға дейінді аралықты қамтиды.
FlyArystan-ның халықаралық бағыттар желісіне 11 қала кіреді: Қытай (Инин, Үрімші), Әзірбайжан (Баку), Өзбекстан (Ташкент), Грузия (Кутаиси) және Түркия (Ыстанбұл).