Этносаралық бірлікті нығайтуға арналған жұмыстарға сыйлық тағайындалды
Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстарды анықтау үшін сыйлыққа өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Сыйлықтың мақсаты – жазушылар мен журналистердің қоғам мен мемлекет алдындағы сіңірген еңбегін, мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан ерекше құнды үлесін тану.
Сыйлыққа автор немесе авторлар ұжымы, шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі төмендегі номинациялар бойынша:
- «Интернет жоба»;
- «Телеарналардағы жоба»;
- «Баспа БАҚ-тағы мақала»;
- «Радио жоба».
Туризм және спорт министрлігі төмендегі номинациялар бойынша құжаттарды қабылдайды:
- «Проза»;
- «Поэзия»;
- «Драматургия»;
- «Балалар әдебиеті».
Жұмыстарды әдебиет және журналистика саласының еңбек сіңірген қайраткерлері мен сарапшыларынан тұратын қазылар алқасы бағалайтын болады.
Сыйлық қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыс сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом және ақшалай сыйақы табыс етіледі.
Қосымша сұрақтар бойынша: + 7 (7172) 74 05 35, 74-04-11, 74-04-07, 74-04-08, 74-03-84.
-->Сыйлықтың мақсаты – жазушылар мен журналистердің қоғам мен мемлекет алдындағы сіңірген еңбегін, мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан ерекше құнды үлесін тану.