Әртүрлі

Есірткі таратты деген күдікпен бірнеше адам ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері үйлестіруімен бірлесе жүргізілген операциясының нәтижесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен үш адам  ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тергеу барысында күдіктілердің екеуі діни экстремизм идеологиясын ұстанушылар екені анықталды. Тінту кезінде олардан ірі көлемде марихуана тәркіленді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиеттер табылып, тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Полиция есірткі құралдарын тарату мен пайдалану, сондай-ақ экстремистік материалдарды сақтау және тарату – қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылықтар екенін еске салады.