Есік қаласында төрт адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды
Алматы облысының Есік қаласында төрт жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші қолға түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жол апаты салдарынан 16 жасар қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қараша күні таңертең ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.
«Жол-көлік оқиға фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автокөлігін басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.