Есенгүл Кәпқызы: Жұмыс берушінің журналист алдындағы жауапкершілігін сезінуі – заңдағы жағымды аспектінің бірі
Мемлекет басшысының БАҚ заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасын депутаттар мен медиабелсенділер қызу талқылағаны белгілі. Нәтижесінде заң жобасына бірқатар түзетулер енгізіліп, Үкіметке жолданды. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен, жаңа заңнама ақпарат саласына қандай жаңашылдықтар әкеледі? Elorda.info тілшісі бұл туралы «Масс-медиа туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі, SDU ассистент-профессоры, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызының пікірін білді.
Есенгүл Кәпқызының айтуынша, жаңа заң айтарлықтай өзгерістер әкелмейді, дегенмен позитивті баптары бар.
Есенгүл Кәпқызы егер журналистер кәсіби қызметін атқару барысында қандайда бір жағдайға ұшырайтын болса, оның ішінде денсаулығына зиян келетін болса, бұл қайғылы жағдаймен аяқталса, жұмыс берушінің олардың алдындағы жауапкершілікті сезініп, өтемақы төлеуін заңдағы тағы бір жағымды аспектінің бірі ретінде атады.
Спикер жаңа заң шеңберінде шетелдік журналистер Қазақстанда аккредиттеуден өтпесе, жұмысын жалғастыра алмайтынын айтты. Сондай-ақ, сарапшымыз заңға этика мәселесінің еніп кетуін аса құптамайды.
Есенгүл Кәпқызы медиабелсенділер баспасөз картасын енгізуге бірден қарсы болғандарын айтты. Ал оның орнына аккредиттеу картасы енген.
-->Мемлекет басшысының БАҚ заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасын депутаттар мен медиабелсенділер қызу талқылағаны белгілі. Нәтижесінде заң жобасына бірқатар түзетулер енгізіліп, Үкіметке жолданды. Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Сонымен, жаңа заңнама ақпарат саласына қандай жаңашылдықтар әкеледі? Elorda.info тілшісі бұл туралы «Масс-медиа туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша құрылған жұмыс тобының мүшесі, SDU ассистент-профессоры, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Есенгүл Кәпқызының пікірін білді.
Есенгүл Кәпқызының айтуынша, жаңа заң айтарлықтай өзгерістер әкелмейді, дегенмен позитивті баптары бар.
«Бірінші мәселе, материалдың ескіру мерзімі. Бұған дейін материалдың ескіру мерзімі жоқ болатын. Өйткені әр адам өзінің ар-намысы, құқығы тапталды деп есептесе, 10 жыл өтсе де, 20 жыл өтсе де сотқа жүгіне алатын. Ал жаңа заңда бұл мерзім 1 жылға қысқартылды. Заң талқылауына алғашқы күннен бастап қатысып келе жатырмын. Бірінші заңда материалдың ескіру мерзімін 3 жылға ғана қысқарту көзделді, бірақ біз оны 1 жылға дейін қысқартуды талап еттік. Мұны депутаттар да, құзырлы министрлік те қолдады», - деді спикер.
Есенгүл Кәпқызы егер журналистер кәсіби қызметін атқару барысында қандайда бір жағдайға ұшырайтын болса, оның ішінде денсаулығына зиян келетін болса, бұл қайғылы жағдаймен аяқталса, жұмыс берушінің олардың алдындағы жауапкершілікті сезініп, өтемақы төлеуін заңдағы тағы бір жағымды аспектінің бірі ретінде атады.
«Тағы бір айта кететін мәселе - ақпаратты алудың 7 күннен 5 күнге дейін қысқаруы. Бірақ біздер, журналистік қауымдастық, заңды талқылауға қатысқан медиабелсенділер оны 3 күнге қысқаруын сұраған болатынбыз. Алайда депутаттардың басым бөлігі оны қолдамады, нәтижесінде басым дауыспен 5 күн қалдырылды. Құзырлы министрлік бұны өте жақсы өзгеріс деп есептеп отыр. Дегенмен цифрлық заманда, технологиялардың дамыған кезеңінде, жалған ақпараттардың алдын алу үшін ақпарат алу мерзімін әлі де қысқарта түсу керек еді деп ойлаймын.
Тағы бір өзекті мәселе, бұл - электронды БАҚ пен телеарналардағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2025 жылға қарай 55 пайыз, 2027 жылға қарай 60 пайызға қарай көтерілетін болды. Басында құзырлы мемлекеттік орган мұның үлес 70 пайыздан кем болмауы керек дегенді енгізген еді. Алайда түпкі нәтижесінде мемлекеттік тілдің үлес салмағы 55 пайыз ғана болып қалды.
Ал телеарналар мен радиодағы бағдарламалардағы шетелдік ақпараттардың пайыздық үлес салмағы 20-дан 10 пайызға дейін азаятынын жақсы өзгеріске балап отырмыз», - деді сарапшы.
Спикер жаңа заң шеңберінде шетелдік журналистер Қазақстанда аккредиттеуден өтпесе, жұмысын жалғастыра алмайтынын айтты. Сондай-ақ, сарапшымыз заңға этика мәселесінің еніп кетуін аса құптамайды.
«Негізі халықаралық ұйымдарда этика заңмен реттелмейді, заңмен қабылданбайды. Ол төменнен қалыптасуы керек, медиақауымдастық этиканы өздері жазу керек», - деді ол.
Есенгүл Кәпқызы медиабелсенділер баспасөз картасын енгізуге бірден қарсы болғандарын айтты. Ал оның орнына аккредиттеу картасы енген.
«Заң бойынша акрредиттеу картасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бірыңғай медиаплатформа арқылы беріледі. Яғни, журналист аккредиттеу картасын онлайн өтініш беру арқылы ала алады. Журналистерге аккредиттеудің үлгілік қағидасын уәкілетті орган бекітетінін ескерсек, қағидаға қандай талаптар жазылатыны белгісіз. Үлгі етіп алынатын қағидада баспасөз картасындағы талаптар қайталанса, онда ештеңе өзгермеген болып табылады. Ендігі біздің міндетіміз - министрлік әзірлейтін қағидаға назар аудару», - деді Есенгүл Кәпқызы.