«Ертіс Орманы» резерватының басшысы қамауға алынды
Лауазымды тұлға орманды заңсыз кесуге және сатуға рұқсат беру үшін кәсіпкерлерден пара алды деген айып тағылған.
Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің шотына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған.
-->Биыл 26 қаңтарда тергеу сотының санкциясымен резерват басшысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Сонымен қатар, резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің шотына, сондай-ақ мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеу және аудару арқылы 25 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырған.
«Келтірілген материалдық залал ішінара өтелді.Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан хабарламада.