Әскери институтқа курсанттар қабылдау басталады
21 шілде мен 8 тамыз аралығында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына курсанттарды қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Әскери институтқа түсу 4 кезеңнен тұрады:
1)Кәсіби –психологиялық іріктеу;
2)Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес, түпкілікті медициналық куәландыру жүргізіледі.
3)Дене шынықтыру бойынша нормативтер тапсырады;
4)5 тамызда конкурстық іріктеу және жоғары оқу орны курсанттарының құрамына қабылдау болады.
Тамыздың 6-сы күні оқуға түскен курсанттардың тізімі оқу орнының сайтында орналастырылады. Келесі күні апелляцияға өтініштер қабылданады. 8 тамызда әскери ЖОО бастығының курсанттарды қабылдау туралы бұйрығы бекітіледі.
-->Әскери институтқа түсу 4 кезеңнен тұрады:

Осы жылдың көктемінде мерзімді әскери қызмет өткерген және запасқа шығарылған азаматтар ҰБТ-ны есепке алмай жоғары оқу орнына түсе алады. Грантқа үміткерлерге елдің үш әскери жоғары оқу орнының бірін таңдау құқығы беріледі. Кейін QR коды бар сертификаттар автоматты түрде жасалады, - деп жазылған хабарламада.