Әртүрлі

Ертең елімізде «Музейлер түні» халықаралық акциясы өтеді

18 мамырда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанның бірқатар музейлері «Музейлер түні» халықаралық акциясына қатысады, оның аясында тақырыптық көрмелер, экскурсиялар, дәрістер және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырылады. Музейлер келушілер үшін түнге дейін ашық болады, деп хабарлады Elorda.info.

Дәстүрлі акция биыл «Музейлер, тұрақтылық және әл – ауқат» тақырыбындағы халықаралық музейлер күніне орайластырылған. Еліміздегі «Музейлер түні» мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған іс-шаралардың апталық бағдарламасына енуімен ерекшеленеді.

Астанадағы ҚР Ұлттық музейінде акция сағат 18:00-де басталады. Еліміздің ең үлкен музейінде: ҚР Ұлттық музейі басылымдарының және «Алматыкітап» баспасы кітаптарының көрмесі, «Тарихи тұлғалар: қуыршақ бейнесінде» авторлық қуыршақтар көрмесі, театрландырылған экскурсиялар, қолөнершілер жәрмеңкесі, ғылыми дәрістер, концерттік және ойын-сауық бағдарламалары өтеді. «Жұлдызды гид» жобасы аясында көрнекті тарихшылар, блогерлер және басқа да танымал тұлғалар келушілерді экспонаттарымен таныстырады.

Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде концерттік бағдарлама мен шеберлік сабақтары, сонымен қатар музей қорынан медицина қызметкерлерінің еңбегіне арналған «Емдеу өнері» атты өнер туындыларының көрмесі өтеді. Ал ҚР Орталық мемлекеттік музейі белгілі отандық суретшілердің қатысуымен «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» пленэрін өткізеді.

«Музейлер түні» Қазақстанның басқа да қалаларында өтеді. Мәселен, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі биыл ұлттық қолөнер мен ойындарға ерекше назар аударып отыр. Ал «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы «Ботай пырағы – 2023» фестивалін өткізеді, оның аясында атпен серуендеу, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар, шеберлік сыныптары, кәдесыйлар жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама және тағы басқалар өтеді. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының музейінде көрнекті өнер қайраткерлерінің портреттерінің көрмесі өтеді.

-->

Қазақстандық музейлер бірнеше жылдан бері ICOM Халықаралық музейлер кеңесінің қолдауымен өткізіліп келе жатқан осы халықаралық акцияға белсенді қатысып келеді. Бұл ретте әрбір музей акция аясында өзінің бірегей бағдарламасын өткізеді. Қазіргі уақытта елімізде 260-тан астам музей жұмыс істейді және олардың әрқайсысы осы халықаралық акцияға қатысады. «Музейлер түні» қазақстандықтардың еліміздің мәдени мұрасы мен өнеріне деген қызығушылығын арттыруға көмектесетініне сенімдімін, – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.