Ерлан Каналимов қалалық мәслихат ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады
Бүгін Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында Астана қаласы мәслихатының ардагерлері, басқарма басшылары, аудандық әкімдік аппараттарының қызметкерлері және елордамыздың коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері марапатталды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар ел көлемінде жалғасын табуда.
Мерейтой аясында елордада 50-ден астам әріптеске естелік сыйлықтар мен «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл» төсбелгілері табысталды», - деп жазды Е.Каналимов.
Мәслихат төрағасы алғашқы сайланым депутаттарының көпшілігі әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысып, мол тәжірибесімен бөліcіп жүргенін айтты.