Әртүрлі

Ерке Есмахан баға жетпес байлықтары туралы айтты

Танымал әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аруларға баға жетпес байлықтары туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ әнші өзінің күйеуіне алғысын білдірді.

Нурия Куанышкалиева

-->

Әрбір ару ең дәмді асты сүйсіне жеуге, әлемнің ең әдемі жерлерінде рахаттанып қыдыруға, ең қымбат бұйымдарды назданып тағуға лайық. Бұған күмән болмасын. Бірақ бұл нәрселер бір сәттік қуаныш береді. Ал үнемі бақыт пен жанның тыныштығын беретін – рухани байлық. Өмірдің «шфн кайф» екенін өзіңді өзің тапқан кезде білесің. Айтпағым, ешбір зат бақыт сыйламайды. Менің баға жетпес байлығым: денсаулық, сүйіктіммен үйлесім, отбасымдағы гармония, өнердегі орыным, ішімдегі жанталас пен асығыстықтың жоқтығы. Ал әшекей, көлік, саяхат тағы басқасы – аз уақыттық ләззат қана. Сіздерге де жан мен тән тыныштығын және бақыт пен байлық тілеймін. Өзің миллионер, күйеуің миллионер, екеуің қосылып миллиардер болыңдар, - деп жазды ол.

Сондай-ақ әнші өзінің күйеуіне алғысын білдірді.

Бар жақсыға лайықтысың, ештеңе істеме, рахаттанып, дым ойламай жата бер, бәрін өзім жасап беремін дейтін күйеуім. Аллаға сансыз шүкір. Сүйем, Райм», - деді Ерке Есмахан.

Нурия Куанышкалиева