Әртүрлі

Енді ескі телефондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істемейді

Наурыздан бастап WhatsApp мессенджері көптеген смартфондарда жұмыс істемейді. Әзірлеушілер қандай телефондар енді мессенджерді көтере алмайтынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

WhatsApp-та жаңа өзгерістер пайда болады. Соның кесірінен жаңа функциялар мен жаңартуларды ескі операциялық жүйелер көтере алмайды. Енді WhatsApp-ты көтермейтін құрылғылар тізімінде iPhone-ның бірнеше ескі үлгілері, соның ішінде iPhone 6 және iPhone 6 Plus бар.

«IOS-тың бұрынғы нұсқалары бар модельдер WhatsApp-сыз қалады. 5 мамырда мессенджердің сол құрылғыларда қызметі тоқтайды. Қолданба қазір iOS 12 немесе одан кейінгі нұсқасы бар iPhone құрылғыларында жұмыс істейді. WhatsApp 15.1 нұсқасынан төмен iOS нұсқасы бар үлгілерде де жұмысын тоқтатады», - деп хабарлады Meta.

10 наурыздан бастап WhatsApp қай смартфондарда жұмысын тоқтатады:

- Samsung Galaxy S3;

- Samsung Galaxy Note 2;

- Motorola Moto G;

- HTC One X;

- LG Optimus G;

- Nexus 4;

- Sony Xperia.

Қолданбадағы ақпаратты сақтау үшін алдымен деректердің сақтық көшірмесін жасап, ақпаратты жаңа гаджетке тасымалдау керек.