Әртүрлі

Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлігімен бара алады

Мәжіліс Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатқа 2024 жылы 15 сәуірде Ереванда қол қойылған. Оны ратификациялау екі ел азаматтарының бір-бірінің аумағында болуына қолайлы жағдай жасап, екіжақты ынтымақтастықты нығайтады.

Келісім аясында шетелге шығуға арналған құжаттар тізімі кеңейеді. Енді оған Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік және Армения азаматтары үшін сәйкестендіру кіреді. Осылайша, қазақстандықтар Арменияда ішкі құжатпен жүре алады.

Бұрын мұндай ережелер тек Ресей мен Қырғызстанға бару үшін жарамды болатын.

Сонымен қатар Армения азаматтарына Қазақстанда визасыз жүруге рұқсат беріледі.

Қазақстан мен Армения азаматтарының бір-бірінің аумағында болу мерзімі өзгеріссіз қалады. Мемлекеттік шекарадан өткеннен бастап 90 күн және алты ай ішінде жалпы алғанда осы мерзімнен аспауы керек.

Сонымен қатар белгіленген мерзім өткеннен кейін Армения азаматтарына уақытша тұруға ықтиярхат (жұмыс, оқу, бизнес, отбасын құру және т.б.) алған жағдайда Қазақстанда болуға рұқсат етіледі. Қазіргі уақытта бұл үшін виза қажет.