Енді Ақтаудан Дубайға тікелей ұшуға болады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтаудан Дубайға тікелей рейс ашады, деп хабарлады Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылғы 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады. Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады», - делінген хабарламада.
Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. 16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ 10-24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді. Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.
«Ақтаудан Дубайға әуе бағытының ашылуы FlyArystan-ның қолжетімді, соның ішінде халықаралық бағыттарды кеңейтуді мақсат еткен стратегиялық бағытын көрсетеді. Бүгінде әуекомпания Ақтаудан Кутаиси, Баку және Ыстамбұлға тұрақты рейстерді орындайды. Дубай қазақстандық саяхатшылар үшін әрдайым ең сұранысқа ие бағыттардың бірі, сондай-ақ, әлемнің жетекші туристік әрі іскерлік орталығы саналады. Біз жаңа бағыт түрлі санаттағы жолаушылар үшін тиімді шешім боларына сенімдіміз», - дейді FlyArystan АҚ президенті Ричард Леджер.
Қазақстанның басқа өңірлеріндегі жолаушылар Ақтауға Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Астана және Орал қалаларынан FlyArystan рейстерімен жете алады. Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.
FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 5 кг-нан аспайтын (56×23×36 см) бір дана қол жүгі және борттағы кездейсоқ таңдалған орын кіреді.