Елордалықтарға азық-түлік себеті таратылып жатыр
Құрбан айт мейрамына орай Астанада жылдағы дәстүр бойынша көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ауқымды іс-шараны қала әкімдігі мен демеуші болған PetroRetail компаниясы «Игі істер марафоны» аясында өткізіп жатыр.
Ал «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері азық-түлік себеттерін мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізіп береді.
Себеттердің бірі астаналық көпбалалы ана Жанагүл Қарасаеваға табысталды. Ол осындай көмек көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді.
Осындай акция Астанада жыл соңына дейін ұйымдастырылады.
Айта кетейік, былтыр наурыздан бастап қалада он мыңдай отбасыға 4000-нан астам азық-түлік себеті таратылды.
-->Бұл ауқымды іс-шараны қала әкімдігі мен демеуші болған PetroRetail компаниясы «Игі істер марафоны» аясында өткізіп жатыр.
Бүгін мыңға жуық себет әлеуметтік жағынан осал отбасыларға таратылып жатыр. Олар – көпбалалы отбасылары, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Қораптың салмағы 45 келі. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, сүт және т.б. Осындай қайырымдылық іс-шарасына атсалысқаны үшін «Petro Retail» компанисына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қоса, өзге де бизнес өкілдерін игі іске қатысуға шақырамыз, - деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Ал «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері азық-түлік себеттерін мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізіп береді.
Себеттердің бірі астаналық көпбалалы ана Жанагүл Қарасаеваға табысталды. Ол осындай көмек көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді.
Қалалық әкімдік пен PetroRetail компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға рақмет. Барша қазақстандықтарды Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңзіге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін, - деді көпбалалы ана.
Осындай акция Астанада жыл соңына дейін ұйымдастырылады.
Айта кетейік, былтыр наурыздан бастап қалада он мыңдай отбасыға 4000-нан астам азық-түлік себеті таратылды.