Әртүрлі

Елордалықтар батыр Асқар Забикулин ескерткішінің аумағын тазартты

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Киелі мекен» апталығы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы ел көлемінде өтіп жатқан іс-шара елордада да қарқын алды. Бұдан бұрын қаланың орталығында орналасқан Бауыржан Момышұлы, генерал Иван Васильевич Панфилов ескерткіштері сияқты көптеген тарихи орындарға тазалық жұмыстары жүргізілсе, бүгін дәл сондай акция ерлікпен қаза тапқан астаналық өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ескерткіші маңында өтті.

Оның айтуынша, бүгін қаладағы бес ескерткіштің аумағында осындай акциялар өтіп жатыр.

Тағы бір ескерерлігі, акцияға мәдениет басқармасына қарасты мекемелер немесе құрметіне ескерткіш орнатылған белгілі тұлғаның саласымен бағыттас мекемелер тартылып отыр. Соған сәйкес, Асқар Забикулиннің ескерткіші аумағына «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» ұжымы мен №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізді.  

Айта кетейік, елордада барлығы 100-ден астам ескерткіш бар. Оның 46-сы мемлекет қорғауында.

-->

Акцияда тек қана тазалық жұмыстары ғана жүргізілмейді, сонымен қатар сол ескерткіштерде сомдалған тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегі туралы дәріс оқылады. Бұл жас ұрпақты тарихты білуге, сол арқылы тарихи ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелейді. Өйткені көптеген қалаларда ескерткіштердің әріптерін жұлып кету, басқа да келеңсіз әрекеттер көп кездесіп жүр, - дейді Астана қаласы бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев.

Оның айтуынша, бүгін қаладағы бес ескерткіштің аумағында осындай акциялар өтіп жатыр.

Тағы бір ескерерлігі, акцияға мәдениет басқармасына қарасты мекемелер немесе құрметіне ескерткіш орнатылған белгілі тұлғаның саласымен бағыттас мекемелер тартылып отыр. Соған сәйкес, Асқар Забикулиннің ескерткіші аумағына «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» ұжымы мен №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізді.  

Осы бөлімде 12 жыл қызмет етемін. Асқар марқұммен 5 жыл бірге қызмет еттік. Ол - біз үшін нағыз батыр, ержүрек азамат. Өз ісіне адал қызметкер адамдардың өмірін құтқару жолында өз өмірін тәрк етті. Әріптесіміздің жарқын бейнесі біздің мәңгі есімізде және оның ерлік ісін жас ұрпақ дәріптейтін болады, - деді № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің  бөлімше командирі Саят Аширов.