Елордалық тұрғын білім орталығының ноутбуктерін ұрлаған
Астанада білім орталығының ноутбуктерін алаяқтық жолмен иеленген күдікті анықталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
-->
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жігіттің білім орталығынан үш ноутбукты заңсыз иеленгені белгілі болды. Ол менеджер болып жұмысқа орналасып, төрт айға жуық жұмыс істеп, сенімге кірген. Кейін пайдалануға арналған гаджеттерді ломбардқа тапсырған. Келтірілген шығын шамамен 700 мың теңгені құрайды. Түскен қаражатты ол өз қалауы бойынша пайдаланған, - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.