Әртүрлі

Елордалық оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Астанада жазғы демалыс қарсаңында қала прокуратурасы полиция және ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, мектептерде балалардың қауіпсіздік ережелері бойынша іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.

Қалалық әкімдіктің ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, оған жоғары сынып оқушылары қатысты.

Қызметкерлер балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі өзін өзі ұстау бойынша негізгі ережелерді, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары, құқық бұзушылықтардың алдын алу және т.б. туралы айтып берді.

Іс-шараны елорданың барлық білім беру ұйымында өткізу жоспарланып отыр.

-->