Елордалық өрт сөндірушілер өрттен 6 газ баллонын шығарды
Алматы ауданы Балқантау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйге жапсарлас салынған үйден өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Құтқарушылардың күшімен 6 тұрмыстық газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды. Өрт 50 ш.м алаңда жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!