Әртүрлі

Елордалық полицейлер тұрғынды сан соқтырған интернет алаяқты ұстады

Астана полициясы қала тұрғынын алдаған интернет алаяқты анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ол Instagram желісіндегі парақшасы арқылы тиімді көтерме бағамен киімдерге ұсыныс жасап, жәбірленушіні алдап 200 мың теңгеден астам ақшасын алған.

«Алаяқ жоқ киім-кешекке төлем жасату үшін дүкеннен алтын сатып алуға келісіп, ақша аудару үшін өзінің деректемелерін көрсетудің орнына, жәбірленушіге алтын сатушының шотының деректемелерін берген. Төлем жасалғаннан кейін алаяқ бұйымдарды курьердің жеткізуі арқылы алған, бірақ жәбірленушінің киімін жіберудің орнына із-түзсіз жоғалған», - делінген ақпаратта.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 21 жастағы ер жігітті анықтады. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Интернет алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.