Әртүрлі

Елордалық полицейлер спорт дүкеніне ұрлыққа түскендерді ұстады

Елорда полицейлері спорт дүкенінде орын алған ұрлықты ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен үш адамды анықтады.

Бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер жастардың спорттық киім дүкеніне сатып алушылар кейпінде келгенін анықтады. Олар өздеріне ұнайтын бірнеше спорттық заттарды киім ауыстыратын бөлмеге алып барып, ұрлыққа қарсы магниттерді алып тастаған. Содан кейін олар ұрланған киімдерді күртелерінің астына жасырып, кейбіреуін бірден киіп алып, дүкеннен шығып кеткен.

Қакүнемдер іс-әрекеттерін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.