Әртүрлі

Елордалық полицейлер қала тұрғынынан бір жарым келі гашиш тәркіледі

Жедел іздестіру шаралары барысында астаналық полицейлер есірткі сақтады деген күдікпен 50 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жедел уәкілдер ұсталған адамның пәтеріне тінту жүргізу кезінде жасыл-сұр түсті зат салынған пакетті тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы бір жарым келіге жуық есірткі заты «гашиш» болып шыққан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)