Әртүрлі

Елордалық полицейге шетел азаматы алғыс айтты

Астана тұрғындары мен қонақтары полиция қызметкерлері туралы пікірлерін айтып, жиі алғыстарын білдіріп жатады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Нэнси есімді 32 жастағы қонақ Астананы тамашалауға Американың Нью-Джерси қаласынан келген. Қаланы аралап жүріп, елорданың көрнекі жерлерін көрсету, бағыт-бағдар беру үшін туристік полицияға жүгінген. Полиция капитаны Дәурен Өскенов картадан қаланың көрікті жерлерін көрсетіп, «Бәйтерек» монументіне барар жолды көрсетті.

Елордалық полицейден көмек алған шет ел азаматы ризашылығын білдіріп, суретке түсті. Полицияның қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету – әрбір полицейдің қызметтік борышы. Азаматтардың пікірлерінің арқасында астаналық полицейлердің жұмысы назардан тыс қалмайды.