Әртүрлі

Елордалық кәсіпкер Нұрғали Нүсіпжановқа пәтер сыйлады

Бұл туралы журналист Айнұр Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Журналистің сөзінше, Досымжан Таңатаровтың концертінде Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа елордалық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлаған. 

«Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Бизнесмен кісіні танымадым. Сіздер танып жатсаңыздар, тегтеп қойыңыздаршы, азамат екен!»,- деп жазды Айнұр Омар. 

Желі қолданушылары кәсіпкердің мұндай қадамына тәнті болды. 

«Қазақ болғаныңа мақтанасың ғой осындайда!»,  «Шапан жабу қай елде бар, мысалы! Бір керім дүние ғой, шіркін! Ілтипат, ізет, құрмет!», «Азамат екен», «Керемет, алаяқтарға алданып үйсіз қалды деп еді, жақсы болған екен, құтты болсын!», «Керемет! Мәрттік көрсеткен жігітке рахмет!»,- деп жазды олар.