Әртүрлі

Елордадан Бурабай курортына қатынайтын электр пойыздың жүру уақыты қысқартылды

Елордадан Бурабай курортына бұрынғы 4 сағаттың орнына 2,5 сағатта жетуге болады, деп хабарлады Elorda.info «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үшін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» электр пойызының маршруты Бурабай курортына дейін ұзартылды. Қарағандыдан Астанаға дейін бұл пойыз №7553/7556 нөмірімен жүреді, ал Астанадан Бурабай курортына дейін №6811/6812 нөмірімен жалғасады.

14 маусымнан бастап осы электр пойызының жүру жиілігі аптасына екі реттен бес ретке дейін ұлғайтылады. Енді «Қарағанды-Астана-Бурабай» электр пойызы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді.

Бұдан бөлек, №7507/7508 «Астана-Көкшетау» электр пойызының маршруты Саумалкөл станциясына дейін ұзартылады. Енді бұл пойыз аптасына үш рет – жұма, сенбі және жексенбі күндері жүреді. Сондай-ақ, Бурабай бағытында күнделікті №6829/6830 «Астана-Көкшетау» электр пойызы қатынайды.

Жолаушыларға қолжетімді болу үшін электр пойыздарының билет құны 2 271 теңгеден 2 943 теңге аралығын құрайды. Қосымша электр пойыздарының билеттері 11 маусымнан бастап bilet.railways.kz сайтында және теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек сатып алуды сұрайды.

-->