Сарыарқа даңғылының учаскесі ішінара жабылады
Елордадағы Сарыарқа даңғылы бойынша Шевченко көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде мердігер ұйым өз қаражаты есебінен асфальтбетон жабыны жөнінде анықталған ескертулерді жою шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты, 13-16 тамыз аралығында аталған учаскедегі Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады.
Жұмыстар жолдың ішінара жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бұл ретте қиылыстар ашық болады.
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
-->Қала әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты, 13-16 тамыз аралығында аталған учаскедегі Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады.