Елордадағы ЛРТ-дан өрт шықты
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
-->
Бүгін Алматы ауданында «Нұрлы Жол» темір жол вокзалының маңында салынып жатқан ЛРТ бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптардың жануы орын алды. ТЖМ күштерімен өрт 30 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз! – деп жазылған хабарламада.