Елордадағы Абай ескерткіші аумағы тазаланды
Елордада «Астана – таза қала» апталығы аясында қаладағы ескерткіштер мен олардың аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Президент бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы жарияланғаны белгілі. Елорда тұрғындары да осы айлыққа белсене кірісіп кетті.
Оның айтуынша, аталған дирекция тек тарихи орындар мен ескерткіштердің тазалығын ғана қадағалап қоймайды, қажет кезінде жаңғыртумен де айналысады.
Іс-шара барысында қоғам белсенділері, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қызметкерлері мен қаладағы Абай атындағы мектептің оқушылары тазалық жұмыстарымен айналысып қана қоймай, қазақтың бас ақынының өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындады.
Айта кетейік, аталған акцияның екінші апталығы өтіп жатыр. Тазалық жұмыстары айдың аяғына дейін жалғасын табады.
-->Президент бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы жарияланғаны белгілі. Елорда тұрғындары да осы айлыққа белсене кірісіп кетті.
Дәл қазір «Астана – таза қала» апталығы өтіп жатыр. Бұл акция сейсенбі күні басталды. Сол күні белгіленген кесте бойынша 8 нысан, кеше 5 нысан, ал бүгін 2 нысанды ретке келтіру ісі қолға алынды. Мәдени ошақтар, ескерткіштер, тарихи орындар тазартылуда. Бұл игі іске депутаттар, қоғам белсенділері, мәдени қызметкерлер, студенттер мен оқушылар тартылып жатыр. Бүгін қаладағы ең үлкен Абай ескерткішінің тұғырының сыры жаңартылып, айналасы сыпырылып тазартылуда, - деді Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен мұражайлар дирекциясының директоры Сергей Солодовников.
Оның айтуынша, аталған дирекция тек тарихи орындар мен ескерткіштердің тазалығын ғана қадағалап қоймайды, қажет кезінде жаңғыртумен де айналысады.
Іс-шара барысында қоғам белсенділері, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қызметкерлері мен қаладағы Абай атындағы мектептің оқушылары тазалық жұмыстарымен айналысып қана қоймай, қазақтың бас ақынының өлеңдері мен қара сөздерін оқып, әндерін орындады.
Бүгінгі іс-шараға мұғалімдерімізбен келдік. Мұндай акциялар патриоттық сезімге тәрбиелейді. Сондықтан жиі өтіп тұрғаны дұрыс. Келесі жолы бастауыш сынып оқушыларын да алып келіп, табиғатты аялауға үйретуіміз керек деп есептеймін. Өзім де апта сайын осы жаққа келіп, өз көмегімді көрсетіп тұрамын, - дейді Абай атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Ұлпан Адалова.
Айта кетейік, аталған акцияның екінші апталығы өтіп жатыр. Тазалық жұмыстары айдың аяғына дейін жалғасын табады.