Елордада «Заманауи домбыра» шоу-концерті ұйымдастырылды
Астанадағы ЭКСПО аумағында өткен концертке күй өнерін қазіргі заманға сай эстрадамен ұштастыра насихаттап жүрген қазақстандық танымал күй орындаушылар қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның өтуіне Астана қалалық мәдениет басқармасы қолдау білдірді.
Концерттік бағдарламада домбыраның әлеуетін зерттеуге және көрсетуге бағытталған мультимедиалық интерактивті технологияларды пайдалана отырып дайындалған музыкалық перфоманс көрсетілді. Музыканттар мен суретшілер, балет әртістерінің және графикалық мамандардың бірлесуі арқылы домбыра басты рөл атқаратын инновациялық дыбыстық және көрнекі шығармалар орындалды. Кеш қонақтары – Kalifarniya, Ақтоты Болышова, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «SAZ», «Steppe Sons», «Assyl», «T&Y», «Aldaspan», «Dj Годунов» сынды белгілі орындаушылар мен топтар болды. Концертті танымал жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жүргізді.
Мерекелік концертті «Қорқыт» ансамблінің өнерпаздары қазақтың танымал күйлерімен ашып, одан әрі әлемге белгілі шетелдік, соның ішінде түрік кинотуындылардың саундтректерін орындап, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.
Домбыра – халқымыздың ұлттық болмысының символы. Ұлттық аспабымыз сан ғасырлардан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, қазақтың жанын, даналығы мен рухын бейнелеп келеді. Сол өнерді заманауи технологиялар арқылы насихаттап жүрген бүгінгі өнерпаздардың ерекше музыкалық өнері көпшілікті тәнті етті.
РАЙХАН Рахметова
-->Астанадағы ЭКСПО аумағында өткен концертке күй өнерін қазіргі заманға сай эстрадамен ұштастыра насихаттап жүрген қазақстандық танымал күй орындаушылар қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның өтуіне Астана қалалық мәдениет басқармасы қолдау білдірді.
Концерттік бағдарламада домбыраның әлеуетін зерттеуге және көрсетуге бағытталған мультимедиалық интерактивті технологияларды пайдалана отырып дайындалған музыкалық перфоманс көрсетілді. Музыканттар мен суретшілер, балет әртістерінің және графикалық мамандардың бірлесуі арқылы домбыра басты рөл атқаратын инновациялық дыбыстық және көрнекі шығармалар орындалды. Кеш қонақтары – Kalifarniya, Ақтоты Болышова, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі, «SAZ», «Steppe Sons», «Assyl», «T&Y», «Aldaspan», «Dj Годунов» сынды белгілі орындаушылар мен топтар болды. Концертті танымал жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек жүргізді.
Концертті Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының чатында жіберген хабарлама арқылы біліп келіп тұрмын. Бұрынғы дәрігермін, қазір зейнеткер ретінде бос уақытымды осындай рухани кештерге барумен өткіземін. Театрлардың бәріне барып тұрамын. Кеше де Астана күнінде концерттерден қалмадым. Қазақтың дәстүрлі өнерін, соның ішінде күй тыңдағанды қатты жақсы көремін. Сондықтан міне қайта-қайта жаңбыр жауып, ауа-райы сәл қолайсыз болса да келіп тұрмын. Жалпы биыл қала күніндегі және осы ұлттық домбыра күніндегі іс-шаралар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылуда, соны байқадым, - дейді елордалық зейнеткер Жанат Шошаева.
Мерекелік концертті «Қорқыт» ансамблінің өнерпаздары қазақтың танымал күйлерімен ашып, одан әрі әлемге белгілі шетелдік, соның ішінде түрік кинотуындылардың саундтректерін орындап, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады.
Күй – бізді басқа ұлттардан ерекшелейтін басты қазынамыз. Сол асыл мұрамызды кеңінен насихаттайтын бүгінгі мерекенің еліміз үшін орны бөлек. Барша қазақстандықтарды, әсіресе, дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген әріптестерімді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын, -дейді концертте өнер көрсетушілердің бірі, «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің артисі Бекзат Ахметұлы.