Әртүрлі

Елордадағы Сығанақ көшесінде көлік қозғалысы қалпына келтіріліп жатыр

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің биотехнологы Жадырасын Нұрбекова өсімдіктің қартаюын баяулататын Альдегид оксидаза 3 генінің жаңа қасиетін тапты, деп хабарлады Elorda.info. 

Айта кетейік, эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалысқа толығымен, Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) ішінара шектеу (екі жолақ) енгізілген болатын.

-->

Осыған байланысты, 25 желтоқсаннан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан «Арыс» көпіріне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен қалпына келтіріледі. Қозғалыс әкімшілік полиция басқармасымен келісілген Жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына сәйкес жүзеге асырылады, - деп жазылған «City Transportation Systems» ЖШС хабврламасында.

Айта кетейік, эстакаданың құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалысқа толығымен, Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) ішінара шектеу (екі жолақ) енгізілген болатын.

Қазіргі уақытта, аталған учаскеде уақытша конструкцияларды бұзу және учаскені тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Жол қозғалысының барлық қатысушыларын қиылыстардан өту кезінде жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерге назар аударуды және сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз, - деп жазылған хабарламада.