Әртүрлі

Елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы тексерілді

Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Елорда әкімінің орынбасары Есет Байкенмен бірге «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары-2024» штабының кезекті отырысын өткіздік. Қызметтердің дайындығын тексердік, кәдесый өнімдерін сату орындарын ұйымдастыруға арнайы тоқталдық. Бүгінгі таңда бес компания өздерінің кәдесыйларын ұсынды. Мен кәдесыйлардың бірыңғай тақырыбын, қолжетімді баға саясатын анықтауды тапсырдым. Жақын арада кәдесый өнімдерін жеткізушілермен кеңес өткіземін. Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет өтеді. Жарыс Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтеді, - деп жазды төраға.