Елордада студенттік спорт лигасы аяқталды
Назарбаев Университетінде сегіз спорт түрінен Студенттік спорт лигасының финалы өтті, деп хабарлады Elorda.info Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 750-ден астам студент қатысып, бақтарын сынады. Салтанатты ашылу рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, спорт федерацияларының өкілдері мен кәсіби спортшылар қатысты.
Студенттік спорт лигасы биыл алғаш рет барлық жоғары оқу орны үшін бірыңғай турнир аясында өтті. Бірлескен жарысқа бастама жасап, шараны ұйымдастырған – Назарбаев Университеті.
-->Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 750-ден астам студент қатысып, бақтарын сынады. Салтанатты ашылу рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, спорт федерацияларының өкілдері мен кәсіби спортшылар қатысты.
Студенттік спорт лигасы биыл алғаш рет барлық жоғары оқу орны үшін бірыңғай турнир аясында өтті. Бірлескен жарысқа бастама жасап, шараны ұйымдастырған – Назарбаев Университеті.
Бұл турнирге Қазақстандағы әуесқой ең мықты спортшы студенттер жиналып, жеңімпаздар Дүниежүзілік Универсиадаға жолдама алды. Лига өткізудің мақсаттарының бірі – әрі қарай дамуды талқылау үшін жоғары оқу орындарының өкілдерін жинау, өйткені жарысқа еліміздегі 117 университеттің 52 ЖОО студенттері қатысты, - деді NU Денсаулық және әл-ауқат орталығының бас менеджері Максим Крят.