Елордада студенттерге репродуктивті денсаулық бойынша семинар өтті
Семинарды Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы және қалалық әкімдік жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Тұран-Астана университетінде өткен тренингте білікті мамандар, жоғарғы санатты дәрігер акушер-гинекологтар дәріс оқыды.
Іс-шараның мақсаты - студенттерге репродуктивті денсаулық туралы жан-жақты ақпарат беру. Спикерлердің айтуынша, мұндай семинарлардың пайдасы мол.
-->Тұран-Астана университетінде өткен тренингте білікті мамандар, жоғарғы санатты дәрігер акушер-гинекологтар дәріс оқыды.
Жастардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін аурулар, отбасын жоспарлау, жасөспірім жастағы жүктілік мәселелері жайында айтылды. Студенттер барлық ақпаратты мұқият тыңдады әрі сұрақтарына жауап алды,- деді акушер-гинеколог Сәуле Бекенқызы.
Іс-шараның мақсаты - студенттерге репродуктивті денсаулық туралы жан-жақты ақпарат беру. Спикерлердің айтуынша, мұндай семинарлардың пайдасы мол.
Біріншіден, балалардың алдында барлық мәселені ашық айту керек. Екіншіден, ер бала мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынас, олардың жауапкершілік алуы секілді тақырыптар қозғалуы қажет. Қазіргі кезде жастардың – көзі ашық, көкірегі ояу әрі сауатты, білімді. Оларға практикалық тұрғыдан неғұрлым көп айтса, өмірде кездескен қиындықты еңсере алады. Негізінен, бұл тақырыпты үйде балаға ашық айтып үйрете бастау керек. Ал бүгінгідей отырыстарды айына бір рет ұйымдастырып тұрған жөн. Өйткені жиі болған сайын оның пайдасы да көбірек болады. Ал бұл тақырып жабық болса, жастардың да қызығушылығы арта береді, - деді дәрігер-педиатр Гүлнар Кулушева.