Елордада полиция қызметкерлері отбасылық жанжалқойдан есірткі тәркіледі
Қала полициясына оң жағалаудағы пәтерлердің бірінде жанжал болып жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тұрғын үйдің кіреберісінен 39 жастағы жанжалқойды ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жеке тексеру кезінде жергілікті тұрғынның шалбарының қалтасынан ақ түсті ұнтақ заты бар 2 байлам табылып, тәркіленді. Сол жерге полиция қызметкерлері Сарыарқа ауданы полиция бөлімшесі жедел-тергеу тобын шақырды. Пәтерді тінту барысында жатын бөлмедегі сөмкеден 168 бума табылды.
Сараптамаға сәйкес, алынған заттар «эфедрон меткатинон» есірткісі болып шықты.
Ер адам есірткіні тарату және құпия орындарға жасыру үшін сақтаған. Болған оқиғаны тергеу қызметкерлері анықталуда.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді.