Әртүрлі

Елордада полицейлер мас жүргізушілерді анықтады

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлері көлік құралдарын мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Екі күнде іс-шара барысында елордада көлікті мас күйінде басқарудың 17 фактісі тіркелген, тәртіп бұзушылардың көліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

«Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері таңғы сағат 5 шамасында BMW 525 автокөлігін басқарған 23 жастағы бойжеткенді тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде қызметкерлер көлік салонында алкогольдің иісін сезген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жеңіл дәрежелі алкогольдік масаңдық туралы қорытынды берілді. Сонымен қатар бойжеткеннің жүргізуші куәлігі жоқ екендігі анықталды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды, тәртіп бұзушы жиырма тәулікке қамауға алынады. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.