Әртүрлі

Елордада Үндістан-Қазақстан іскерлік конференциясы өтті

 «Астана» Халықаралық қаржы орталығында Электронды жабдықтар мен инженерлік өнімдер бойынша Үндістан-Қазақстан іскерлік конференциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz елордадағы Үндістан елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара мақсаты –  сауда байланыстарын нығайту және электроника мен машина жасау салаларындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін зерттеу. Оған  кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және сала сарапшылары жиналды. Мұнда  екі елден 50-ден астам компания қатысты.

Елші  Т.В. Нагендра Прасад өзінің негізгі баяндамасында Үндістан мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті. Кездесуде Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев екі ел арасындағы әріптестікті нығайтудың стратегиялық маңыздылығын айтты. Сондай-ақ іс-шарада Үндістан тарапынан Электроника және бағдарламалық жасақтаманың экспортын алға жылжыту жөніндегі кеңес (ESC), Инжиниринг экспортын алға жылжыту кеңесі (EEPC), Карнатака сауда палаталары федерациясы (FKCC) және электроника экспортына маманданған мүше компаниялар және машина жасау өнімдері ұйымдарының өкілдері болды.

Ұымдастырушылардың айтуынша, конференция үш бағыттан тұрды. Біріншісі – екіжақты сауданы кеңейту. Конференцияда талқылаулар екіжақты сауданы кеңейту және экономикалық өсуді ынталандыру үшін өзара артықшылықтарды пайдалану мәселелеріне арналды.

«Біздің екіжақты саудамыз қазіргі уақытта шамамен 1 миллиард АҚШ долларын құрайды, бұл біздің әлеуетімізден әлдеқайда төмен. Біздің саудамызды келешегі зор электроника және ауыр машина жасау сияқты салаларға әртараптандырудың уақыты келді», -  деді Елші.

Екіншісі –  серіктестіктер мен бірлескен кәсіпорындар құру.

Конференцияның негізгі мақсаты –  іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесу және үнді және қазақстандық фирмалар арасындағы бірлескен кәсіпорындар үшін мүмкіндіктерді ашу. Талқылау барысында үнді компаниялардың Қазақстан нарығына шығуын жеңілдетуге және ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылды.

«Бірлескен кәсіпорындарды ынталандыру арқылы біз инновацияларды дамыта аламыз, жұмыс орындарын және жаңа кәсіпорындарды аша аламыз. Біздің елдеріміз арасындағы бірін-бірі толықтыру өте маңызды және ынтымақтастық арқылы біз ортақ гүлденуге қол жеткізе аламыз», -  деді Елші.

Үшіншісі – біліммен алмасу және технологиялық инновациялар.

Конференцияда электроника мен техникадағы соңғы жетістіктерді көрсететін қызықты тақырыптық сессиялар өтті. Екі елдің сарапшылары тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның инфрақұрылымы мен өндірістік секторларын жақсартудың озық шешімдерін талқылады. Презентациялар қызу сұрақ-жауаппен жалғасып, барлық қатысушылардың жоғары қызығушылығы мен белсенділігін көрсетті.

«Үндістанның жаһандық өндіріс орталығына айналуы әсіресе электроника саласында ерекше серпін берді. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге және Қазақстанмен оның даму мақсаттарын, әсіресе цифрлық трансформация және инфрақұрылымды жаңғырту саласында қолдау үшін ынтымақтасуға тырысамыз», - деді Елші.

Төртіншісі – негізгі нәтижелер және келесі қадамдар.

Конференция қос ел арасындағы сауданы арттыруға, стратегиялық серіктестікке және технологиялық тәжірибе алмасуға баса назар аударылды. Екі ел де ынтымақтастықты одан сайын арттыруға және өзара өсудің жаңа мүмкіндіктерін зерттеуге дайын. Іс-шара барысында алынған пікірталастар мен түсініктер болашақ іскерлік миссияларға, технологиялық ынтымақтастық пен Үндістан мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың толық әлеуетін іске асыруға бағытталған саяси бастамаларға жол ашады деп күтіледі.